Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 41
Адалдық-басты қасиет!
06
қараша
2019
Адалдық-басты қасиет!
Мектеп-интернатымызда адалдық тақырыбына байланысты бірыңғай сабақтар өтті. Басты мақсат: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды
Сыбайластық жемқорлыққа қарсымыз!
05
қазан
2019
Сыбайластық жемқорлыққа қарсымыз!
  Қыркүйек айының басында мектеп-интернат директоры Қалиев Серік Беркінұлы «Жемқорлыққа қарсы күресе білу керек» тақырыбында  ұжыммен жиналыс өткізді. Қарсы күрес жұмысы үнемі жүргізіліп отырылу керектігін ескертті. Жиналысқа 45 мұғалім-тәрбиеші қатысты. «Жемқорлық сенің қас жауың» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Ишкалова дәріс өткізді. «Біз жемқорлыққа жол бермейміз» атты 5-6 сыныптарда сурет байқауы өткізілді.Оқушылар арасында  жеқорлыққа қарсы
"Мәңгілік елдің мәңгілік тілі!"
04
қазан
2019
"Мәңгілік елдің мәңгілік тілі!"
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? Сенсің менің қуанышым, шаттығым, Сенсің менің тазалығым, пәктігім. Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе. №  17 мектеп-интернатта 23 қыркүйек-4 қазан аралығында Қазақстан
Ұстаздық еткен жалықпас...
04
қазан
2019
Ұстаздық еткен жалықпас...
Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді. Ұстаздар күні — көпшілік жақсы көретін кәсіби мерекелердің бірі. Бұл күні № 17 мектеп-интернат ұстаздары өздерінің шәкірттерінен ізгі тілектер мен алғыс естиді. Сондай-ақ, мектебімізде  концерттер ұйымдастырылып, түрлі-түсті қабырға газеттері әзірленді, ұстаздарымыз  аудандық, қалалық, республикалық Алғыс хаттармен марапатталды. Мереке
Ұлы Абайға -175 жыл
25
қыркүйек
2019
Ұлы Абайға -175 жыл
Тілдер мерекесі қарсаңына орай мектеп-интернатымызда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына байланысты "Абай оқулары" басталды. Аталмыш оқу Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған үш тілді іс-шарада бастау алды. Шара барысында оқушылар концерттік бағдарламаны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіп, Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін де үш тілде орындады. Шара соңында мектеп-интернат директоры Қалиев Серік Беркінұлы сөз алып, Абайдың "Өлең-сөздің патшасы" өлеңін оқып,
Ақын Бақыт Беделханмен кездесу
23
қыркүйек
2019
Ақын Бақыт Беделханмен кездесу
Бүгін кыркүйектің 23-і жұлдызы мектеп-интернатымызда "Алаш" сыйлығының лауреаты, қазіргі жас буынның сүйікті ақыны Бақыт Беделханмен кездесу өтті. Ақынын құрметтеген жастар қара сөзден қамшы өрген ақынға ерекше ықылас танытты. Ақтаңгер жанның шығармашылығына арналған кеште ақынның жүрекжарды жырлары оқылып, ақын сөздеріне жазылған әндер шырқалды.  Өз кезегінде  ақын Бақыт Беделхан өзінің ақындығы жайында сырлы әңгімелерімен бөлісіп, оқушыларға сиясы кеппеген біраз өлеңдерін оқып берді. Сонымен
1 қыркүйек
01
қыркүйек
2019
1 қыркүйек
Бүгін 1 қыркүйек мектеп-интернатымызда  2019-2020  оқу жылының басталуына орай " Саналы ұрпақ- жарқын болашақ"  атты салтанатты жиын болып өтті.  Мектеп директоры Қалиев Серік Беркінұлы сөз алып, өткен оқу жылының жетістіктерін саралап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатына ие болған ұстаздарды марапаттады. Жиын барысында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары өлең оқып, ән айтты. Мерекелік жиын "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" атты сынып сағаттарына жалғасты. 
Алғысымызды білдіреміз!
13
мамыр
2019
Алғысымызды білдіреміз!
2018-2019  оқу жылында мектеп-интернатымызға Алматы қаласында құрылған "АСПАНДАУ" ғылыми-білім беру қоры материалды көп көмек көрсетті. Оқушыларға керек-жарақты кеңсе тауарлары мен кеңсе құралдарын сыйға тартты. Мектеп-интернат ұжымы өз оқушыларымен бірге "АСПАНДАУ" қорына  алғыстарын білдіріп, қор өкілдерінің жұмысына табыс тілейді. 
Наурыз-жарқын көктем мерекесі
15
сәуір
2019
Наурыз-жарқын көктем мерекесі
Мектеп-интернатымызда наурыз мерекесіне арналған "Наурыз-жарқын көктем мерекесі" атты арнайы бағдарламалық іс-шара өтті. Бұл шараға мұғалімдер де, оқушылар да белсенді атсалысты. Жас ұрпаққа салт- дәстүрімізді жаңғырту мақсатында ұстаздар қауымы "Бесікке салу, "Ат қою", "Тұсау кесу" дәстүрлерін көрініс арқылы көрсетсе, оқушыларымыз әр сынып- әр ұлт ауылын бөліп алып, сол ұлттың дәстүрі мен ұлттық тағамдарымен таныстырды.