Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ақын Бақыт Беделханмен кездесу
23
қыркүйек
2019

Ақын Бақыт Беделханмен кездесу

Бүгін кыркүйектің 23-і жұлдызы мектеп-интернатымызда "Алаш" сыйлығының лауреаты, қазіргі жас буынның сүйікті ақыны Бақыт Беделханмен кездесу өтті. Ақынын құрметтеген жастар қара сөзден қамшы өрген ақынға ерекше ықылас танытты. Ақтаңгер жанның шығармашылығына арналған кеште ақынның жүрекжарды жырлары оқылып, ақын сөздеріне жазылған әндер шырқалды.  Өз кезегінде  ақын Бақыт Беделхан өзінің ақындығы жайында сырлы әңгімелерімен бөлісіп, оқушыларға сиясы кеппеген біраз өлеңдерін оқып берді. Сонымен қатар, «Жаннан тәтті өмір» атты өлеңіе домбырамен орындап жырдан шашу шашты. Сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын жастар ақынның жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, ақын өлеңдерімен рухани сусындап қайтты.  Кеш соңына дейін тапжылмай отырғандығынан-ақ жас тыңдармандардың қара өлеңге деген махаббатын аңғаруға болады.