Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
қыркүйек
2019

Ұлы Абайға -175 жыл

Тілдер мерекесі қарсаңына орай мектеп-интернатымызда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына байланысты "Абай оқулары" басталды. Аталмыш оқу Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған үш тілді іс-шарада бастау алды. Шара барысында оқушылар концерттік бағдарламаны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіп, Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін де үш тілде орындады. Шара соңында мектеп-интернат директоры Қалиев Серік Беркінұлы сөз алып, Абайдың "Өлең-сөздің патшасы" өлеңін оқып, республикамызда болып жатқан Абай оқулары эстафетасына қосылды және бұл эстафетаны мектебіміздің барлық оқушылары мен ұстаздарына жолдады.