Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мәңгілік елдің мәңгілік тілі!"
04
қазан
2019

"Мәңгілік елдің мәңгілік тілі!"

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.
№  17 мектеп-интернатта 23 қыркүйек-4 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Атап айтар болсақ: 8- сыныптар арасында "Мен көп тіл білемін" интеллектуалды марафоны (жетекшісі :қазақ тілі пән мұғалімі Жұмағұлова Ә.Д), "Сказка Колобок" пьесалық көрініс ( орыс тілі пән мұғалімдері Нұрдәулет Б, Құрманбек А.), "Be the best" білім байқауы ( ағылшын тілі пән мұғалімі Такибаева Н.), "Talent show" ағылшынша ән байқауы (Амантаева А.), 9-сыныптар арасында қазақ тілі пән мұғалімі Беркутбаева С.З жетекшілігімен "Білгенім бір тоғыз білім байқауы", 7- сыныптар арасында "1001 мақал" мақал-мәтел сайысы өткізілді.
Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!