Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлы Абайға -175 жыл
25
қыркүйек
2019
Ұлы Абайға -175 жыл
Тілдер мерекесі қарсаңына орай мектеп-интернатымызда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына байланысты "Абай оқулары" басталды. Аталмыш оқу Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған үш тілді іс-шарада бастау алды. Шара барысында оқушылар концерттік бағдарламаны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіп, Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін де үш тілде орындады. Шара соңында мектеп-интернат директоры Қалиев Серік Беркінұлы сөз алып, Абайдың "Өлең-сөздің патшасы" өлеңін оқып,
Ақын Бақыт Беделханмен кездесу
23
қыркүйек
2019
Ақын Бақыт Беделханмен кездесу
Бүгін кыркүйектің 23-і жұлдызы мектеп-интернатымызда "Алаш" сыйлығының лауреаты, қазіргі жас буынның сүйікті ақыны Бақыт Беделханмен кездесу өтті. Ақынын құрметтеген жастар қара сөзден қамшы өрген ақынға ерекше ықылас танытты. Ақтаңгер жанның шығармашылығына арналған кеште ақынның жүрекжарды жырлары оқылып, ақын сөздеріне жазылған әндер шырқалды.  Өз кезегінде  ақын Бақыт Беделхан өзінің ақындығы жайында сырлы әңгімелерімен бөлісіп, оқушыларға сиясы кеппеген біраз өлеңдерін оқып берді. Сонымен
1 қыркүйек
01
қыркүйек
2019
1 қыркүйек
Бүгін 1 қыркүйек мектеп-интернатымызда  2019-2020  оқу жылының басталуына орай " Саналы ұрпақ- жарқын болашақ"  атты салтанатты жиын болып өтті.  Мектеп директоры Қалиев Серік Беркінұлы сөз алып, өткен оқу жылының жетістіктерін саралап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатына ие болған ұстаздарды марапаттады. Жиын барысында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары өлең оқып, ән айтты. Мерекелік жиын "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" атты сынып сағаттарына жалғасты. 
Алғысымызды білдіреміз!
13
мамыр
2019
Алғысымызды білдіреміз!
2018-2019  оқу жылында мектеп-интернатымызға Алматы қаласында құрылған "АСПАНДАУ" ғылыми-білім беру қоры материалды көп көмек көрсетті. Оқушыларға керек-жарақты кеңсе тауарлары мен кеңсе құралдарын сыйға тартты. Мектеп-интернат ұжымы өз оқушыларымен бірге "АСПАНДАУ" қорына  алғыстарын білдіріп, қор өкілдерінің жұмысына табыс тілейді. 
"Құзыреттілікке бағытталған Білім" атты жаратылыстану бағытындағы онкүндік
29
қараша
2018
"Құзыреттілікке бағытталған Білім" атты жаратылыстану бағытындағы
Қарашаның 19-ы күні мектеп-интернатымызда "Құзыреттілікке бағытталған Білім" атты жаратылыстану бағытындағы онкүндік өтті. Онкүндіктің басты мақсаты: оқушылардың жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндерге қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту,интеллектуалдық танымдарын тереңдету.  19-29 қараша аралығында өткізілген онкүндік "Сергіту сәтімен" (суретте) басталып, интеллектуалды сайыс, ашық сабақ, сыныптан тыс сабақтар өткізіліп,  қорытындысы 29 қарашада жарияланды , белсене