Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Сергей Есениннің шығармашылығына арналған әдеби кеш”
22
ақпан
2024
“Сергей Есениннің шығармашылығына арналған әдеби кеш”
“Ақыл - тозбайтын тон, Білім - таусылмайтын кен” Орыс тілі пәні мұғалімі Женисова Сабина ұстазымыз 4-сынып оқушыларымен “Сергей Есениннің шығармашылығына арналған әдеби кеш” өтті. Әдеби кештің мақсаты: оқушыларды ақынның шығармашылығымен таныстыру, Сергей Есениннің құнды еңбектерін танып, білуге қызығушылықтарын ояту, поэзияға, туған жердің тұмса табиғатына сүйіспеншіліктерін оятып, қастерлеуге үйрету, рухани-адамгершілік пен эстетикалық тәрбие беру.
”Бастауыш - білім бастауы” тақырыбы аясында бастауыш сынып апталығының ашылу салтанаты өтті.
20
ақпан
2024
”Бастауыш - білім бастауы” тақырыбы аясында бастауыш сынып
“Оқу – білімнің қазығы, адамның азығы” десек, бастауыш сынып - ілім - білімнің іргетасы. Осы орайда мектебімізде ”Бастауыш - білім бастауы” тақырыбы аясында бастауыш сынып апталығының ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Бастауыш сынып балаларының оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Өзін - өзі басқару мен ана
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні.
14
ақпан
2024
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні.
“Күш — білімде, білім — кітапта. 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Яғни адамдар бір біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынатын күн. Кітап – адамзат қоғамының ұлы жетістігі, ұлы ұстазы. Кітап сыйлау дәстүрі туралы айтқан кезде мына жағдайды ескеруіміз керек: кітап басып шығару өндірісі жолға қойылу тарихы сегіз ғасырға, ал кітапты қол еңбегімен беттеп-қаттап құрастырып, оны көбейтіп көшіріп оқудың тарихы ондаған ғасырға кетеді дегенімізбен, кітап сыйлау күні –
Халықаралық “Пони” әлемді ашады атты математикалық байқауы
12
ақпан
2024
Халықаралық “Пони” әлемді ашады атты математикалық байқауы
“Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.” Халықаралық “Пони” әлемді ашады атты математикалық байқауының жүлдегерлері 3-сынып оқушылары Махмутов Арнай, Азимова Жаннур, Жанұзақ Арсен, Болат Көркемді және жетекшісі Адильбаева Шынар Быдыбаевнаны жеңістерімен құттықтаймыз! Бағындырар белестеріңіз бен алар асуларыңыз көп болсын!
«El Umiti» Премиясының қатысушылары «El Umiti» Қоры» КҚ 2024 жылғы 15-29 қаңтар аралығында «Туған жерім – шағын Отаным!»
08
ақпан
2024
«El Umiti» Премиясының қатысушылары «El Umiti» Қоры» КҚ 2024 жылғы
“Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ - деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас.” Мұхтар Әуезов. Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені, сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік-атамекен болып саналады. Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Осы орайда «El Umiti» Премиясының қатысушылары «El Umiti» Қоры» КҚ 2024 жылғы 15-29 қаңтар аралығында «Туған жерім – шағын Отаным!»
“Мейірімділік құндылығы”
07
ақпан
2024
“Мейірімділік құндылығы”
Мейірімділік – адам бойындағы ең ұлы қасиеттердің бірі. Ол адамдардың басқаларға жан жылуын, ізгі ниеті мен лебізін білдіруінің көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттерге негізделеді. Тәрбие апталығының он күндігіне байланысты Маржан Шахардинқызының ұйымдастырумен 4-сынып оқушыларымен “Мейірімділік құндылығы” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Оқушылар мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы, «қайырымды адам» туралы түсініктерін
"Тағдыры тарих тал бесік"
07
ақпан
2024
"Тағдыры тарих тал бесік"
"Тағдыры тарих тал бесік" 6 “б” сынып оқушыларына сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Келелі іс-шараның мақсаты: халқымыздың ықылым заманнан атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің бала өміріне пайдасын насихаттау, ұлттық құндылықтарымыздың өзіндік үлгі-өнегесін оқушылар бойына дарытып, дәріптеу барысында Азимова М.А ұйымдастырды. Бұндай маңызды іс-шаралар жоспар бойынша әркез жалғасын табады.
“Мамандық таңдау жүрек қалауы немесе заман талабына сәйкес таңдау”
07
ақпан
2024
“Мамандық таңдау жүрек қалауы немесе заман талабына сәйкес таңдау”
Мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың. Осы орайда 11 сынып оқушыларына Шыңқожа Бүбісара Есенқызының жетекшілігімен “Мамандық таңдау жүрек қалауы немесе заман талабына сәйкес
Халықаралық "Пони" әлемді ашады математикалық байқауы
06
ақпан
2024
Халықаралық "Пони" әлемді ашады математикалық байқауы
«Білім-бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ-әлде кімнің азығы» деп қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мұхтар Әуезов бекер айтпаған. Білім адам өмірінің маңызды бөлігінің бірі. Осы орайда халықаралық “Пони” әлемді ашады атты математикалық байқауының жүлдегерлері 4-сынып оқушыларын құттықтаймыз! Оқушыларымызға сапалы білім мен саналы тәрбиені бойларына сіңіріп жүрген ұлағатты ұстазымыз Бошикова Женискул
“Бақытым да, байлығым да - денсаулық”
29
қаңтар
2024
“Бақытым да, байлығым да - денсаулық”
Адамның дұрыс дамып, өсіп жетілуіне денсаулықтың маңызы зор. Бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ келешек еліміздің азаматтары. Сондықтан өмірге келген әрбір адам өзінің денсаулығын күтіп, тазалықты сақтап, сол үшін күресе білуі қажет. Өмір сүру үшін адам денсаулығы қымбат. Денсаулықты күтіп, әр адам өзінің жеке бас тазалығын сақтай отырып, денесін шынықтырып, шымыр болуға талпынған жөн. Тәрбие апталығының аясында 5 "Б" сыныбымен “Бақытым да, байлығым да-денсаулық” атты ашық сынып сағаты өтілді. ⠀