Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих.
10
сәуір
2024
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих.
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден бастау алады. Еліміздің ертеңі тарихпен тығыз байланыста, сондықтан да мұражай тарихымыздан сыр шертетін бірден-бір асыл мұра. Осындай асыл мұралармен 2 сынып оқушылары 10.04.2024ж., күні танысуға барды. Мақсаты: оқушыларымыздың туған жерімізді, елімізді сүюге тәрбиелеу. Жетекшісі: Маржан Нізтай., Сынып жетекшісі: Меруерт Мажитовна
"Алматы - біздің қаламыз"
09
сәуір
2024
"Алматы - біздің қаламыз"
"Алматы-біздің ортақ үйіміз" кампаниясы туралы 09.04.2024 ж "Алматы-біздің қаламыз" тақырыбында 4-сыныпта сынып сағаты болды.
“Алматы - біздің ортақ үйіміз”
08
сәуір
2024
“Алматы - біздің ортақ үйіміз”
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы. Бұл дегеніміз киелі шаңырақтың тазалығынан бастап, ауланың, көшенің де тазалығына көңіл бөлу. Осы орайда Наурызнама жалғасы ретінде бастау алған “Алматы - біздің ортақ үйіміз” кампаниясы жайлы мектебіміздің педагогигалық ұжымы мен оқушылары өз ойларымен бөлісті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.
06
сәуір
2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады. «Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады», – деді Президент. «Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті
Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы болды.
29
наурыз
2024
Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы болды.
Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы болды. Жиналыс барысында 3 тоқсан бойынша білім сапасы мен үлгерімі, ҰБТ-2024, қауіпсіздік ережелері айтылды.
Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджі
20
наурыз
2024
Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар
Домбыра – қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджіне мектебіміздің дәулескер күйшілері қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайқұлының “Балбырауын” күйін орындады. Жетекшісі Қазақстанның мәдениет қайраткері Қаниева Сәуле Қапарқызы. Атадан қалған баға жетпес мұрамызды жас ұрпақ өз деңгейінде құрметтеп, келер буынға аманат етсек, нұр үстіне нұр болмақ.
“Қауіпсіздік ережелеріне” байланысты сынып сағаттары өтілді.
20
наурыз
2024
“Қауіпсіздік ережелеріне” байланысты сынып сағаттары өтілді.
20.03.2024 күні мектебімізде “Қауіпсіздік ережелеріне” байланысты сынып сағаттары өтілді.
“Ұлттық тәрбие бастауы-ұлы Наурыз.”
20
наурыз
2024
“Ұлттық тәрбие бастауы-ұлы Наурыз.”
Тақырыбы: “Ұлттық тәрбие бастауы- ұлы Наурыз.” Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Киіз үй, ұлттық киімдер, ұлттық әшекейлер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар мен әндер, ұлттық бұйымдар мен ыдыстардың мән мағынасын насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін қызығушылығын арттыру. 5 “А” сыныптың жетекшісі Мырзандаева Айгерім мен сынып оқушылары бірлесіп өткен Наурыз мерекесінде өз нәтижелерін
Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына.
20
наурыз
2024
Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына.
Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады. Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы», Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауына сәйкес, ағымдағы жылдың