Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Кенгуру- Математика барлығы үшін"
19
желтоқсан
2022
"Кенгуру- Математика барлығы үшін"
4-сынып оқушылары "Кенгуру" интеллектуалдық ойын конкурсының жеңімпаздары атанды. Сынып жетекшісі: Адильбаева Ш.
Мектепішілік шахмат турнирі
15
желтоқсан
2022
Мектепішілік шахмат турнирі
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын дәріптеу, шахмат ойынына қызығушылықтарын арттыру мақсатында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектепішілік " Шахматтан" турнир өтті. І- орын Берік Азиз 10 сынып оқушысы ІІ- орын Айыткулов Ерсат 9 б сынып оқушысы ІІІ- орын Мұхамедкали Бектас 11 сынып оқушысы иеленді.
Тәуелсіздік-тұғырым
13
желтоқсан
2022
Тәуелсіздік-тұғырым
13 желтоқсан күні " Тәуелсіздік тұғырым" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттар өткізілді.
" Жас Ұлан-Жас Қыран"
07
желтоқсан
2022
" Жас Ұлан-Жас Қыран"
7 желтоқсан күні аудандық оқушылар сарайында" Жас Қыран" ," Жас Ұлан" Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына 17 мектеп- интернат оқушылары қабылданды.
ТӘРТІП! БІЛІМ! ТАЗАЛЫҚ!
28
қараша
2022
ТӘРТІП! БІЛІМ! ТАЗАЛЫҚ!
"ТӘРТІП-БІЛІМ-ТАЗАЛЫҚ " ұраның негізге ала отырып 7-11сынып оқушылар арасында ұлдар жиналысы ұйысдастырылды. Жиналыс барысында сыныптар мен бөлмелердің тазалығын сақтауды, тән мен киім тазалығын ұстануды насихатталды. Тәртіп туралы бір-біріне сыйластық көрсету, өктемдік жасамау мәселелері айтылды. Интернаттағы көп уақытты білімге жұмсауды, көп кітап оқу керектігі айтылды. Тәртіп болу керек! Тазалық болу керек! Білім болу керек!
Ақынмен кездесу кеші
17
қараша
2022
Ақынмен кездесу кеші
Ақын,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Жұмекен Нәжімеденов сыйлығының және Елбасы қорының ұйымдастыруымен өткен " Алтын тобылғы " әдеби байқауының , сондай-ақ біршама халықаралық республикалық байқаулардың жеңімпазы, мектебіміздің түлегі, Нұртас Тұрғанбекұлымен кездесу өтті. Кездесу өте әсерлі, рухани азығы мол, оқушыларға ерекше әсер қалдырған кеш болды. Жас ақынға қазақ поэзиясын одан әрі дамытуға үлес қоса беріңіз демекпіз. Қаламыңыз ұштала берсін! 
Жаратылыстану пәндерінің онкүндігі
14
қараша
2022
Жаратылыстану пәндерінің онкүндігі
Мектеп-интернатымызда 21 қараша мен 2 желтоқсан аралығында жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі өтілуде. Онкүндіктің басты мақсаты: оқушыларға қазіргі таңдағы ғылымның дамуы және өмірмен байланысы туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бірлестік жетекшісі: Қоржынбаева М. М.
Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумы
06
қазан
2022
Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумы
Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында Мемлекет басшысы @tokayev_online сөз сөйледі. «Біз жаңа саяси дәуірге қадам бастық. 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл – болашақ даму бағдарымызды айқындайтын аса маңызды науқан. Түрлі қоғамдық ұйымдары маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді. Мен бұған дейін Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді. Баршаңыз
Бастауыш пария ұйымының кезекті отырысы
28
қыркүйек
2022
Бастауыш пария ұйымының кезекті отырысы
Бүгін ұжымда бастауыш партия ұйымының кезекті жиналысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды. 1."AMANAT " партиясының Саяси тұғырнамасының жобасымен танысу, талқылау. 2. " AMANAT " партиясы Медеу аудандық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясына делегат сайлау.#amanatпартиясы 
Оқушылар ұйымы көшбасшысы
26
қыркүйек
2022
Оқушылар ұйымы көшбасшысы
Мектепішілік оқу-тәрбие жоспары негізінде 2022-2023 оқу жылында оқушылардың өзіндік басқару ұйымының көшбасшысы (президенті) сайланды. 10- сынып оқушылары арасынан Уюмова Айсұлу, Берік Азиз, Қолдасов Сағадат үміткер болды. Өздерін таныстыратын қабырға газеттерін дайындап, жаднамаларын таратты. Дауыс беру екі күнге жалғасты, нәтижесінде ең көп дауыс жинап Уюмова Айсұлу оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының президенті болып тағайындалды. Құрамы бекітілді.