Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік күні
14
желтоқсан
2018

Тәуелсіздік күні

    Желтоқсанның  14- жұлдызында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мектеп-интернатымызда патриоттық бағыттағы іс-шара өткізілді. Шараға жауаптылар: 9 "б" - сыныбы, сынып жетекшісі мен тәрбиешісі Бүркітбаева С.З мен Мұхамеджанова Қ. Мектепішілік іс-шараның мақсаты:

 Оқушыларға 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау.

   Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.Патриоттық тәрбие беру.
 Оқушылар қазақ халық билері мен әндерін орындап, өздерін жақсы  өнерлерін ортаға салды.