Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылының басталуы туралы
02
тамыз
2024

2024-2025 оқу жылының басталуы туралы

Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын:
2024 жылғы 1 қыркүйек – 2025 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:
1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:
1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы
28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);
2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн
(2025 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда);
1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы
10-16 ақпанды қоса алғанда).
4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары –
2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусым аралығында;
11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары –
2025 жылғы 30 мамырдан бастап 13 маусым аралығында.
3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10)-сынып оқушылары үшін:
1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы
29 мамыр;
2) қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2025 жылғы
2 маусым;
3) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2025 жылғы
5 маусым;
4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы
10 маусым;
11 (12)-сынып оқушылары үшін:
1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2025 жылғы 30 мамыр;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 3 маусым;
3) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 6 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2025 жылғы
12 маусым;
5) өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2025 жылғы 13 маусым.
4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушыЕ. Оспан


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 11.07.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 34720 болып енгізілді

Результаты согласования
Министерство просвещения РК - Директор Гульден Бериковна Акитаева, 26.06.2024 18:40:53, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 05.07.2024 21:32:17, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Оқу-ағарту министрлігі - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Е. Оспан, 09.07.2024 19:09:58, положительный результат проверки ЭЦП