Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өзін-өзі басқару «МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ»
19
қыркүйек
2023

Өзін-өзі басқару «МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ»

ХАБАРЛАНДЫРУ
Саламатсыздарма құрметті №17 мектеп-интернатының 7-10 сынып оқушылары! Ең алдымен сіздерді жаңа 2023-2024 оқу жылымен құттықтап,сәттілік тілейміз.
Біз мектебіміздегі Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ҰЛАН БАСЫ және ЖЕТІ БАҒЫТ басшылары сондай-ақ Өзін- өзі басқару «МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» ұйымына ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ және ЖАҢА ПАРЛАМЕНТ ФРАКЦИЯ мүшелігіне «АДАЛ ҰРПАҚ» ерікті клуб ҰЛАНБАСЫН сайлау үміткерлерді қабылдау АШЫҚ деп жариялаймыз!
Президент,ұланбасы және фракция команда мүшесі үміткерлігіне ұсыну үшін мектеп өмірінің жақсаруына үлес қосатын бағдарлама ұсыну,мектептің жоспар мақсаттарын жоғары дәрежеге жеткізер жаңа идеялар ұсыну.
Сайлауға қатысу өтінімін 15-18 09.2023 жыл аралығында қабылдаймыз.

Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
1. Құқық және тәртіп фракциясы.
2. Ақпарат фракциясы.
3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
4. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).
5. Қамқорлық фракциясы (еріктілік).
6. Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
7. Дебат қозғалысының фракциясы.
8. Экология және еңбек фракциясы.
Сайлауға тек 9,10, сынып оқушылары қатыса алады.
3 мин спич-(таныстыру,бағдарлама,бағалы қасиеттеріңіз және неге сіз?)
СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ