Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 9
"Жарқын болашақ" олимпиадасы
18
мамыр
2023
"Жарқын болашақ" олимпиадасы
Саналы ұрпақ – жарқын болашақ Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11-сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасының Астана қаласында өткен республикалық кезеңінде Алматы қаласы Медеу ауданы №17 мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Алимбек Балжан «Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілер) бағыты бойынша бақ сынады. Қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып, құдіретін сезіне отырып өз білімі мен өнерін таныта білген қатысушымыз Алимбек Балжанды құттықтаймыз!
Біздің чемпиондар!
11
мамыр
2023
Біздің чемпиондар!
Триатлон бойынша Алматы чемпионатында мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болып, триатлон бойынша спорт шеберіне үміткер разрядын алды. Шын жүректен құттықтаймыз! Қанай Елмұрат - І орын Мұхамедхайдар Рүстем - І орын Тоқберген Әлнұрарман - ІІ орын
"Қайсар" әскери-патриоттық ойындарының жүлдегері
08
мамыр
2023
"Қайсар" әскери-патриоттық ойындарының жүлдегері
“Amanat” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” Жастар қанатының бастамасымен Астана қаласында өткен “Qaisar” әскери-патриоттық ойындарының финалында жүлделі ІІІ орын алған 11-сынып оқушысы Каренов Жасұланды салтанатты түрде қарсы алып, құттықтау сәтінен. Құттықтаймыз! Жетекшісі: Ауғанбаев Мади.  
Жалпыұлттық диктант
04
мамыр
2023
Жалпыұлттық диктант
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылдың 06 желтоқсандағы №022-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында 4 мамыр күні сағат 11:00 өткізілетін жалпыұлттық патриоттық диктант жазу барлық мектептерге тапсырылғандықтан, біздің де 5-11 сынып оқушыларымыз “Еркін ел ұрпағы” тақырыбында диктант жазды.  
ІТ олимпаиадасының республикалық жеңімпазы
20
сәуір
2023
ІТ олимпаиадасының республикалық жеңімпазы
Астана қаласында 12-17 жас аралығындағы білім алушыларға арналған Web-Хакатон форматында өткен IT олимпиадасының финалында 40 қатысушы ішінен интернатымыздың 7 сынып оқушысы Елмұратқызы Айнұр бірінші орын алуымен құттықтаймыз! Жетекшісі: Информатика пәні мұғалімі- Балгимбаева Гүлзат.  
Сейсмикалық оқу-жаттығу
20
сәуір
2023
---
Сейсмикалық оқу-жаттығу
20 сәуір күні сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады. Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарды дайындау.  
Эстетика пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
10
сәуір
2023
Эстетика пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
Эстетика пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы таңғы әнұраннан басталды. Онкүндік 10.04-21.04.2023ж аралықта өтетін хабарлаймыз. Онкүндік аясында мектепішілік шахматтан, спорт ойындарынан жарыстар, ашық сабақтар өтіледі. Эстетика пәндер бірлестігінің жетекшісі Козыбакова Кульзипа Куанышбековна.
"Дарын" кубогының жеңімпаздары
05
сәуір
2023
"Дарын" кубогының жеңімпаздары
Бүгінгі волейболдан болған жарыста, біздің жігіттер жарады. “Дарын” кубогы, 3-орын Жетекшілері: Кабираев Мұрат
Ата-аналар жиналысы
28
наурыз
2023
Ата-аналар жиналысы
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша онлайн қалалық ата-аналар жиналысы.  
Гепатитпен күрес
16
наурыз
2023
Гепатитпен күрес
Гепатит-бұл бауыр жасушаларын бұзатын және оның жұмысын бұзатын қабыну ауруы. Соған байланысты мектеп медбикесі Акмарал Турганбаевна 3-8 сыныптар аралығында лекция оқыды, және диктант жазу жұмыстары жүргізілді.