15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті. "Отан отбасынан басталады", - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!