14-Наурыз Көрісу күні
Амал күні қазағым көріседі, Көрісу, бұл – көненің желісі еді. "Жасың құтты болсын!" деп жамырасып, Ақ ниетпен адал қол беріседі. Көріседі – "Көңілдер жібісін" деп, Көріседі – "Тасысын ырысың!" деп. Көріседі – "Көк мұз да жылысын" деп, Көріседі – "Оң болсын Ұлысың!" деп. Көріседі – қайғы-мұң кетіруге, Көріседі – қайтадан жетілуге. Алты ай қыстан арыған жанын демеп, Көріседі – бел буып, бекінуге.