05
қыркүйек
2025
"Тіл - татулықтың тірегі, бірліктің жүргегі"
05.09-18.09 күндері аралығында
"Тіл – татулықтың тірегі, бірліктің жүрегі" атты қоғамдық-гуманитарлық бірлестік онкүндігі өткізілді. Бұл онкүндік еліміздің рухани байлығы – мемлекеттік тілімізді ұлықтауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды шаралармен есте қалды.
Осы онкүндік аясында халқымыздың көрнекті ұлы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай танымдық сабақтар, ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар Алаш арысының өмір жолымен, еңбектерімен танысып, тіл үшін төккен терін терең түсінді. Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлының өмірі мен еңбегіне арналған музейге саяхат жасалды. Бұл сапар балалардың тарихи сана-сезімін оятып, тұлғаға деген құрметін арттырды.
Онкүндіктің шарықтау шегі ретінде өткізілген мерекелік концертте ерекше әсер қалдырды. Оқушылар поэзия оқып, ән мен биден шашу шашты. Бұл концерт – тілімізге, мәдениетімізге деген шынайы сүйіспеншіліктің белгісі болды.
Жалпы, онкүндік барысында оқушылардың тілге деген құрметі артып, олардың шығармашылық қабілеттері мен азаматтық көзқарастары қалыптасты. Ұйымдастырылған барлық шаралар – ұлт руханиятына қосылған сүбелі үлес деп білеміз.
Осындай мағыналы іс-шаралардың өтуіне атсалысқан барша ұстаздар мен оқушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз. Еліміздің тілі мен мәдениетін ұлықтай берейік!
Тіліміз тірегіміз, бірлігіміз жүрегіміз болып қала берсін!