Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. » Школа - интернат №17. город Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-интернат №17»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Бухгалтерия
+7(727) 387-24-75
Версия для
слабовидящих
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.
06
апрель
2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады.
«Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады», – деді Президент.
«Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі. Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес», – деді Мемлекет басшысы.
Осынау қиын-қыстау сәтте «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған», — халқымыз бұл қиындықты да жұмыла жеңетінімізге кәміл сенімдіміз!
№17 мектеп-интернатының директоры Шаяхметова Айнұр Ерұланқызы