Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумы » Школа - интернат №17. город Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-интернат №17»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Бухгалтерия
+7(727) 387-24-75
Версия для
слабовидящих
» » Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумы
06
октябрь
2022

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумы

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында Мемлекет басшысы @tokayev_online сөз сөйледі.

«Біз жаңа саяси дәуірге қадам бастық. 20 ноябрьда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл – болашақ даму бағдарымызды айқындайтын аса маңызды науқан. Түрлі қоғамдық ұйымдары маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді.

Мен бұған дейін Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік.

Маған сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Коалицияда басты саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың болуы өте маңызды. Себебі, онда барлық әлеуметтік топтар қамтылған».
 Біз өз Президентімізді қолдаймыз! 
#ТоқаевпенБіргеміз