«Қош бол, Әліппе!»
Мектеп-интернатымызда 1- сынып оқушыларына «Қош бол, Әліппе!» атты әліппемен қоштасу іс-шарасы өтті. Іс-шарада оқушылар әліппе туралы тақпақтар оқып, ән айтып, билер билеп, хор айтты. Әртүрлі қызықты сұрақтарға жауап берді. Оқушылар іс-шарада көтеріңкі көңіл күймен өнер көрсетті. Іс-шара соңында директордың оқу ісі орынбасары сөз сөйлеп мерекемен құттықтап, 1-сынып білім алушыларына сәттілік тіледі! Ұстаздары Айнур Акпарқызы. Нағима Джолдасбекқызы алғысымыз шексіз!