Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қариясы бар ел-қазынасы бар ел"
01
қазан
2024

"Қариясы бар ел-қазынасы бар ел"

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Біз сіздерді әрқашан құрметтейміз және қадірлейміз. 
Мектебіміздің ардагер ұстаздарын құттықтап, құрмет көрсетіп, оқушыларға айтқан ақыл-кеңестерін, көл дария, мол сөздерін тыңдап қайттық.