Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман»
15
тамыз
2025

«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман»

Ұстаздардың тамыз конференциясы – 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысты.
Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен өтті.
Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға жуық педагог жиналды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде:
«Әлем тарихында білім-ғылымды басты орынға қойып, дамудың даңғыл жолына түскен, орасан зор табысқа жеткен елдер аз емес. Білім мен ғылым Қазақстан дамуының қозғаушы күші болуға тиіс. Алдағы жылдары осы міндетті орындауға бар күш-жігерімізді салып жұмыс істеуіміз керек. Бұл – Мемлекет басшысы ретінде мен үшін мызғымас басымдық.
Мен Қазақстан ұстаздарының қажырлы еңбегін жоғары бағалаймын, сіздер жас буынға беріп жатқан білімнің күшіне сенемін. Шын мәнінде, ұстаздық – жай мамандық емес, бұл – ұлы миссия. Адам қандай жетістікке жетіп, биікке шықса да, ұстазының алдында өмір бойы шәкірт болып қалады.
Қазақстанның жарқын болашағы сіздердің табанды еңбектеріңізге тікелей байланысты. Себебі, сіздер тұтас ұлтты оқытып, тәрбиелеп жатсыздар. Осы жауапкершілікті терең сезініп, қастерлі міндетті абыроймен атқара бересіздер деп сенемін», – деді Президент.