Материалы за Март 2024 года » Школа - интернат №17. город Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-интернат №17»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Бухгалтерия
+7(727) 387-24-75
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Март 2024 года
Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы болды.
29
март
2024
Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы болды.
Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы болды. Жиналыс барысында 3 тоқсан бойынша білім сапасы мен үлгерімі, ЕНТ-2024, қауіпсіздік ережелері айтылды.
Март мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджі
20
март
2024
Март мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар
Домбыра – қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Март мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджіне мектебіміздің дәулескер күйшілері қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайқұлының “Балбырауын” күйін орындады. Жетекшісі Қазақстанның мәдениет қайраткері Қаниева Сәуле Қапарқызы. Атадан қалған баға жетпес мұрамызды жас ұрпақ өз деңгейінде құрметтеп, келер буынға аманат етсек, нұр үстіне нұр болмақ.
“Қауіпсіздік ережелеріне” байланысты сынып сағаттары өтілді.
20
март
2024
“Қауіпсіздік ережелеріне” байланысты сынып сағаттары өтілді.
20.03.2024 күні мектебімізде “Қауіпсіздік ережелеріне” байланысты сынып сағаттары өтілді.
“Ұлттық тәрбие бастауы-ұлы Март.”
20
март
2024
“Ұлттық тәрбие бастауы-ұлы Март.”
Тақырыбы: “Ұлттық тәрбие бастауы- ұлы Март.” Мақсаты: «Март» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Киіз үй, ұлттық киімдер, ұлттық әшекейлер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар мен әндер, ұлттық бұйымдар мен ыдыстардың мән мағынасын насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін қызығушылығын арттыру. 5 “А” сыныптың жетекшісі Мырзандаева Айгерім мен сынып оқушылары бірлесіп өткен Март мерекесінде өз нәтижелерін
Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына.
20
март
2024
Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына.
Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады. Алматы қаласы Управления образования «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы», Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауына сәйкес, ағымдағы жылдың
“Нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел.
19
март
2024
“Нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел.
“Нашақорлықтың алдын алу” Кәмелетке толмағандар жасайтын, жас ұрпақтың нашақорлығы мен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында 2024 жылғы 19 мартда, мектебімізде Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға уәкілі, полиция майоры Дәурен Асқарұлы Көбеев және Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Анна Александровна Трубниковамен бірлесіп 8-11 сыныптар арасында нашақорлықтың алдын алу желісі бойынша ақпараттық-түсіндіру
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих.
15
март
2024
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих.
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден бастау алады. Еліміздің ертеңі тарихпен тығыз байланыста, сондықтан да мұражай тарихымыздан сыр шертетін бірден-бір асыл мұра. Осындай асыл мұралармен 5 «а» сынып оқушылары танысуға барды. Мақсаты: оқушыларымыздың туған жерімізді, елімізді сүюге тәрбиелеу.
"Ақбота" зияткерлік олимпиадасы
14
март
2024
"Ақбота" зияткерлік олимпиадасы
“Ақыл мен білім арманыңды іске асырады”. “Дарын”республикалық ғылыми-практикалық орталығы 26-29 февраль аралығында жалпы білім беретін мектептерге арналған "Ақбота" зияткерлік олимпиадасын ұйымдастырды, қуанышқа орай алтын ұя мектебіміздің 3-сыныптағы зияткер оқушыларымыз Ербосын Аяна, Қадір Іңкәр, Ордабай Асылзат, Сәрсенбек Інжу жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі: Адильбаева Шынар Быдыбаевна.
Абай оқулары
13
март
2024
Абай оқулары
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. Абай Құнанбайұлы. 1-сынып оқушылары "Абай оқуларына" қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сынып жетекшісі: Айнур Акпарқызы. Жүлделі орындарыңыз құтты болсын!
“Армысың, Әз-Март!” атты мұражайлық сабақ
13
март
2024
“Армысың, Әз-Март!” атты мұражайлық сабақ
Жердің тоңы жібіп, бәйшешек гүл атқан шақта күллі түркі халқы әр көктемде тойлайтын Март мейрамының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын ұғындыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражайында “Армысың, Әз-Март!” атты мұражайлық сабақта дәулескер күйші, күміс көмей, жез таңдай әнші, мың бұралған биші оқушыларымыз өз өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, сұрақтарға жауап беріп, сабаққа белсене ат салысты. Сонымен қатар 8-сынып тәрбиешісі Жанабаева