Алматы қаласы Білім басқармасының
«№17 мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 387-26-32
Есепші бөлімі:
+7(727) 387-24-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 3
Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджі
20
наурыз
2024
Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар
Домбыра – қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджіне мектебіміздің дәулескер күйшілері қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайқұлының “Балбырауын” күйін орындады. Жетекшісі Қазақстанның мәдениет қайраткері Қаниева Сәуле Қапарқызы. Атадан қалған баға жетпес мұрамызды жас ұрпақ өз деңгейінде құрметтеп, келер буынға аманат етсек, нұр үстіне нұр болмақ.
“Қауіпсіздік ережелеріне” байланысты сынып сағаттары өтілді.
20
наурыз
2024
“Қауіпсіздік ережелеріне” байланысты сынып сағаттары өтілді.
20.03.2024 күні мектебімізде “Қауіпсіздік ережелеріне” байланысты сынып сағаттары өтілді.
“Ұлттық тәрбие бастауы-ұлы Наурыз.”
20
наурыз
2024
“Ұлттық тәрбие бастауы-ұлы Наурыз.”
Тақырыбы: “Ұлттық тәрбие бастауы- ұлы Наурыз.” Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Киіз үй, ұлттық киімдер, ұлттық әшекейлер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар мен әндер, ұлттық бұйымдар мен ыдыстардың мән мағынасын насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін қызығушылығын арттыру. 5 “А” сыныптың жетекшісі Мырзандаева Айгерім мен сынып оқушылары бірлесіп өткен Наурыз мерекесінде өз нәтижелерін
Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына.
20
наурыз
2024
Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына.
Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады. Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы», Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауына сәйкес, ағымдағы жылдың
“Нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел.
19
наурыз
2024
“Нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел.
“Нашақорлықтың алдын алу” Кәмелетке толмағандар жасайтын, жас ұрпақтың нашақорлығы мен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында 2024 жылғы 19 наурызда, мектебімізде Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға уәкілі, полиция майоры Дәурен Асқарұлы Көбеев және Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Анна Александровна Трубниковамен бірлесіп 8-11 сыныптар арасында нашақорлықтың алдын алу желісі бойынша ақпараттық-түсіндіру
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих.
15
наурыз
2024
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих.
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден бастау алады. Еліміздің ертеңі тарихпен тығыз байланыста, сондықтан да мұражай тарихымыздан сыр шертетін бірден-бір асыл мұра. Осындай асыл мұралармен 5 «а» сынып оқушылары танысуға барды. Мақсаты: оқушыларымыздың туған жерімізді, елімізді сүюге тәрбиелеу.
"Ақбота" зияткерлік олимпиадасы
14
наурыз
2024
"Ақбота" зияткерлік олимпиадасы
“Ақыл мен білім арманыңды іске асырады”. “Дарын”республикалық ғылыми-практикалық орталығы 26-29 ақпан аралығында жалпы білім беретін мектептерге арналған "Ақбота" зияткерлік олимпиадасын ұйымдастырды, қуанышқа орай алтын ұя мектебіміздің 3-сыныптағы зияткер оқушыларымыз Ербосын Аяна, Қадір Іңкәр, Ордабай Асылзат, Сәрсенбек Інжу жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі: Адильбаева Шынар Быдыбаевна.
Абай оқулары
13
наурыз
2024
Абай оқулары
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. Абай Құнанбайұлы. 1-сынып оқушылары "Абай оқуларына" қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сынып жетекшісі: Айнур Акпарқызы. Жүлделі орындарыңыз құтты болсын!
“Армысың, Әз-Наурыз!” атты мұражайлық сабақ
13
наурыз
2024
“Армысың, Әз-Наурыз!” атты мұражайлық сабақ
Жердің тоңы жібіп, бәйшешек гүл атқан шақта күллі түркі халқы әр көктемде тойлайтын Наурыз мейрамының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын ұғындыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражайында “Армысың, Әз-Наурыз!” атты мұражайлық сабақта дәулескер күйші, күміс көмей, жез таңдай әнші, мың бұралған биші оқушыларымыз өз өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, сұрақтарға жауап беріп, сабаққа белсене ат салысты. Сонымен қатар 8-сынып тәрбиешісі Жанабаева
“Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі”
12
наурыз
2024
“Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі”
“Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды.” Абай Құнанбайұлы. Ата-аналарды педагогикалық қолдау аясында 3-сынып жетекшісі Адильбаева Шынар Быдыбаевна және тәрбиешісі Турсынгазиева Айзада Турсынгазиевнаның ұйымдастыруымен “Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі” тақырыбында ата-аналармен жиналыс өтті. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі жайлы пікірлесе отырып, ата-аналардың өздеріне тәрбиеші, мұғалім ретінде қарауға қызығушылықтарын ояту, баламен дұрыс тіл табыса білуге, баланың